Баспасөз релиздері

Неміс «claas» Қазақстанда зауыт ашады

Неміс «claas» Қазақстанда зауыт ашады

Ауыл шаруашылығы техникасының ірі әлемдік өндірушілерінің бірі CLAAS компаниясы бүгін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан мен Германияның өнеркәсіптік кооперациясы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «CLAAS Group» компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы К. Клаас-Мюльхойзермен 2019 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының ГФР-ға сапары аясында жұмыс кездесуі барысында талқыланды.

ҚР аумағында ауыл шаруашылығы машиналарын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаны пысықтауды ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитеті, ГФР-дағы ҚР Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізді.

CLAAS - әлемдік ауылшаруашылық техникасының флагманы және еуропалық ауылшаруашылық техникасының ең ірі өндірушісі. Әйгілі неміс компаниясының Қазақстанға кіруі бұрыннан қол жетімді жоғары өнімді техникаға мұқтаж болған барлық отандық аграрийлер үшін маңызды оқиға.

Келісімге пандемияның қазіргі жағдайын ескере отырып, бейнебайланыс арқылы қол қойылды. Министрлік атынан құжатқа вице-министр Аманияз Ержанов, германдық тарапты CLAAS компаниясының Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік директоры Нильс Ройч қол қойды.

Жаңа зауыт Солтүстік Қазақстан облысында орналасады. Бірінші кезеңде мұнда Tucano комбайнының өндірісі жолға қойылады, оның ішінде мамандандырылған жабдық орнату және техникалық персоналды дайындау.

Жоба Қазақстандағы CLAAS ресми өкілі «СТ-Агро» компаниясымен бірлесіп іске асырылады. Облыс экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,4 млрд. теңгені құрайды. Бастапқы кезеңде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

«Біз, «CLAAS» компаниясының атынан Қазақстан Үкіметіне, Германиядағы елшілігіне ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы жоспарланған екі жақты жобаны іске асыруға дипломатиялық қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығымызды білдіреміз. Біз Қазақстан Республикасында үлкен әлеуетті көріп отырмыз, сондықтан ұзақ мерзімді, жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық құруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Нильс Ройч.

Келісім шеңберінде компания компоненттерді оқшаулауды кезең-кезеңмен ұлғайтады, сондай-ақ өндірісті одан әрі дамыту үшін кадрларды техникалық даярлаумен айналысатын болады.

Жобалық қуаттылыққа шыққан сәтте кәсіпорын жылына 200 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын (комбайндар, тракторлар және егіс кешендері) шығарады, бұл ҚР машина-трактор паркін жаңарту бойынша жағдайды жақсартады.

CLAAS-тың «PÖTTINGER», «LOVOL», «BUHLER», «Ростсельмаш», «ПТЗ», «МТЗ», «Гомсельмаш» және т.б. сияқты Қазақстан аумағында өндірісті іске асыратын әлемдік аты бар ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне енуі фермерлердің барлық қажеттіліктерін жабатын импортты алмастыру жөніндегі елдің бағдарламасына толық сәйкес келеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге