Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST: ҚР Премьер-Министрінің Нидерландыға ресми сапары барысыда 5 келісімге қол қойылды

KAZAKH INVEST: ҚР Премьер-Министрінің Нидерландыға ресми сапары барысыда 5 келісімге қол қойылды

Екіжақты қатынастар тарихында бірінші рет ҚР Премьер-Министрі ресми сапармен Нидерландыда болды. Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрлері 5-ші Қазақстан-нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты.

Форумға 200-ге жуық қазақстандық және нидерланды бизнес өкілдері қатысты. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың даму келешегі жөнінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, АХҚО, Deloitte, Shell, Нидерландының бизнес және жұмыс берушілер конфедерациясының және т.б. өкілдері баяндамамен сөз сөйледі. Іс-шараға қатысушылар өз мүмкіндіктерін презентациялады, сондай-ақ, әлеуетті әріптестермен B2B нысанында жұмыс кездесулері мен келіссөздер өткізді.

Форумның нәтижесі бойынша, ҚР Сыртқы істер миниистрлігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен, екі ел Үкіметтері Басшыларының қатысуымен аэроғарыш өнеркәсібі, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен және ТҮКШ салаларында серіктестік жөніндегі 5 құжатқа қол қойылды.

Тараптар келесі келіссөздерге қол жеткізді: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «НЕВАСКО» Компаниялар тобы арасында жерді қашықтықтан тексеру (ЖҚТ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласындағы жобаларды іске асыру бойынша серіктестік, Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен мен «Вахенинген» Университеті арасында қазақстандық студенттер мен аграрийлерді оқыту жөніндегі әріптестік, «K-Агро»ЖШС мен Farm Frites компаниялары арасында жалпы сомасы $145 млн құрайтын Жамбыл облысында фри картобын өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорнын құру туралы, «Каз Центр ЖКХ» АҚ мен Witteven+Bos компаниясы арасында кәріздік тазалау құрылғыларын салу және реконструкциялау жөніндегі бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ, «DAL Agro Park» және «Dutch Greenhouse Delta» консорциумы арасында Түркістан облысында жалпы ауданы 200 га болатын аквапарк құрылысында серіктестік мәселесі бойынша.

Бұдан басқа, ҚР Прмеьер-Министрі Shell, Bitfury, SuezGroup, Farm Frites, DutchFruit Solutions сияқты нидерланды компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Қазақстанда энергетика, мәліметтерді және блокчейн-технологияларды өңдеу, білім беру, ауылшаруашылық өңдеу және т.б. салалардағы жобаларды іске асыру келешегі талқыланды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге