Баспасөз релиздері

Түрік инвесторлары СҚО-да ағаш өңдеу зауытын ашпақ

Түрік инвесторлары СҚО-да ағаш өңдеу зауытын ашпақ

Түрік инвесторлары «KAZAKH INVEST» ҰК»АҚ қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысындаағаш өңдеу бойынша жобасын іске асырадыӨнім шығару осы жылдың күзінде бастау жоспарланыпотыр.

Бүгінгі күні «Петропавл құбыр зауытының»бұрынғы цехы толық жөндеуден өтіп, құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, аумағы 10 мың шаршы метр жаңа зауытта жыл сайын 18 мың текше метр ламинатталған фанер шығарылады. Жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын жоба 150 адамды жұмысорындарымен қамтамасыз етеді.

«Біз үшін оқшаулаудың жоғары пайызы маңызды. Сондықтан, негізінен, жоғары сапамен ерекшеленетінқазақстандық ағаш сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ламинат Германиядан шығарылады және жеткізіледі. Жабдықтарды Түркия, Германия және Ресейден сатыпаламыз", - деді «Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС директоры Огузхан Челик.

Жаңа өндірісте өңдеудің заманауитехнологиялары қолданылатын болады, барлықпроцесс автоматтандырылған. Зауыт аумағында қоймабөлмелерін жабдықтау жоспарлануда.

«Біз үшін өндірілген өнімнің сапасы маңызды. Сондықтан біз озық буландыру, желімдеу жәнебаспақ технологияларын қолданамыз. Бүгіндеқазақстандық нарықта Ресейден келген өнімдеркеңінен қолданылады. Біз қазақстандық өнімимпорттық тауарларды алмастыра алады депүміттенеміз», - деп атап өтті Оғызхан Челик.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «KAZAKH INVEST» өңірлік директоры Данияр Шалабаевтың айтуынша, ламинатталған фанер монолиттіқұрылыста және қалып дайындау үшін кеңіненқолданылады. Мұндай өнімдер Қазақстан нарығындаүлкен сұранысқа ие. Солтүстік Қазақстан облысындабұл алғашқы жоба болады.

«Бұл өндіріс біздің облыста ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша өнімдерін сатпақ. Шетелдікинвесторды тартудың арқасында облыста бірегейөндіріс құрылатын болады. KAZAKH INVEST жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдаукөрсетеді. Оның ішінде, біздің көмегіміз арқылыкомпания инвестициялық келісімшарт жасасты жәнеқымбат тұратын жабдықты әкелуге кедендік бажданбосатылды», - деді Данияр Шалабаев.


 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге